Құрметті №1 қалалық емхананың тұрғындары!
Барлық сақтандырылған пациенттердің медициналық көрсеткіштер бойынша КТ (компьютерлік томография), МРТ (магнитті-резонанстық томография), УДЗ (ультрадыбыстық зерттеуі), ПЭТ (позитронды-эмиссиялы томография) және тағы басқа да қымбат тұратын медициналық қызметтерді тегін өте алатындығы туралы хабарлаймыз.
Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда, Сіз өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге жүгіне аласыз, ол Сізге жоғарыда аталған қымбат тұратын медициналық қызметтерге жолдама береді, сондай-ақ қажетті бейінді мамандардың кеңестеріне жібереді.
Бейінді мамандар өз тарапынан медициналық көрсетілімдер бойынша жоғарыда аталған қымбат тұратын қызметтерге жолдама береді.