about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Шымкенттің бас дәрігері қала тұрғындарына үндеу жасады

Көрші Ресей елінде эпидемиялогиялық жағдай күннен-күнге өршуде…

15, Маусым 2021

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Көрші Ресей елінде эпидемиялогиялық жағдай күннен-күнге өршуде. Шымкент қаласында да эпидемиялогиялық жағдай тұрақсыз.
Инфекцияға шалдыққан науқастар саны күн санап артуда. Қазір қауіпті инфекцияға жұқтырған 20 науқас ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Коронавирус жұқтырғандар арасында өлім жітім көрсеткіш саны артуда.

Осы орайда вакцинация инфекциялық жұқпалы аурулардан, соның ішінде COVID-тен қорғанудың ең қауіпсіз әрі тиімді жолы екенін мәлімдейміз. Сондықтан жаппай вакциналау өте маңызды. Бүгінгі таңда бұл инфекцияны емдеуде тиімді препараттар жоқтың қасы. Бір жылдан аса уақыт болды осы індетпен бірге өмір сүріп келеміз. Мұны бәріміз көріп отырмыз. Қазірде қаладағы барлық емханаларда вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сондықтан барлықтарыңызды вакцина салдыртуға шақырамыз.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Станция скорой медицинской помощи"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, ул. Толстого д. №121

smpshimkent@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 53-97-98
Медициналық мекеменің байланыс орталығы